Кітапхана әкімшілігі

0
5325

  

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Әбсаттар Дербісәлі атындағы ғылыми кітапханасын Халида Қамбарбекқызы Шамбулова басқарады. Кітапхана ісі саласындағы еңбек өтілі 25 жыл.

1986 жылы әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының «Кітапханатану және библиография» мамандығын үздік бітірген.

Өзінің еңбек қызметін 1986 жылы Шымкент облысының кәсіподақ кітапханасында кітапханашы қызметін атқарды.

 2008-2020 жж. аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Ақпараттық білім беру орталығында (кітапхана) әдіскер, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің сектор меңгерушісі, кітапхананы дамыту бөлімінің  меңгерушісі қызметін атқарады.

2020 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің кітапханасында кітапхана басшысының орынбасары қызметін атқарады.

2022 жылынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің кітапханасында кітапхана басшысы қызметін атқарып келеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Қазақстан ЖОО кітапханалары, ОҚО білім беру жүйесі кітапханаларының аймақтық әдістемелік бірлестігінің базасында ұйымдастырылған семинарларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, форумдарға белсене қатысқан.

Кітапханалық-библиографиялық қызметтің басым бағыттары бойынша республикалық кәсіби журналдарда жарияланымдары басылған, оқу құралы және әдістемелік құралдар шығарып, библиографиялық көрсеткіштер құрастырған.