Кітапхана тарихы

0
2751

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің кітапханасы университет тарихымен тығыз байланысты.  2011 жылы кітапхана қайта құрылған.

2023 жылы университетке рух сардары,  мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің атауы берілді. Өзбекәлі Жәнібековтің атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің кітапханасы 2023 жылы Әбсаттар Дербісәлі атындағы ғылыми кітапхана болып өзгертілді.

Әбсаттар Дербісәлі атындағы ғылыми кітапхана университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ғылыми кітапхананың негізгі міндеттері:

* университеттің Ғылыми кітапханасы білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамның оқу және ғылыми әдебиеттермен оқу үдерісі мен ғылыми зерттеулерін қамтамасыз етеді;

* университеттің білім беру бағдарламаларына сәйкес келетін кітап қоры мен заманауи электрондық ресурстарды ұсынады;

* факультеттермен және кафедралармен өзара іс-қимылдың үздіксіз процесінде жұмыс істейді;

* пайдаланушылардың қажеттіліктерін зерттейді, ақпараттық қызметтер ұсынады, үнемі келіп түскен жаңа кітаптардың көрмелерін өткізеді;

* сондай-ақ қала мен республиканың басқа университеттерімен ынтымақтастықты дамытады.

Кітапхана құрылымына алты оқу зал, бір абонемент, бір құжаттарды жинақтау және жүйелеу бөлімі кіреді. Кітапхананың барлық құрылымдық бөлімшелері қажетті кітапханалық жабдықтармен және жиһазбен, компьютерлік және көшіру-көбейту техникасымен жабдықталған.

Кітапхананың жалпы ауданы 1058,3 ш.м. құрайды.

Кітапхананың кітап қоры 500 000 мыңға жуық.

Кітапхананың жалпы ауданы 1058,3 ш.м. құрайды, оқу задарында оқырмандарға 205 орындық бар.

Оқытушылар мен студенттерге арналған электрондық оқу залында оқыту электрондық оқулықтарына, электрондық каталогқа, Деректер базасына және Интернет/Интранет ресурстарына қолжетімділік бар, Wi-Fi қызмет көрсету аймағы бар Интернет ресурстарына тегін және шексіз қолжетімділік жүзеге асырылады.

Ғылыми кітапхананың web-сайты (http://library.okmpu.kz) кітапхананың  негізгі бағыттарын, электрондық ақпараттық қызметін жарнамалау жұмыстарымен қатар АБО web-ИРБИС64 электрондық каталогының және электрондық толық мәтінді деректер базаларының қызметін қашықтықтан пайдаланушыларға ұсынып келеді. Пайдаланушыларға әлемдегі ең ірі «EBSCO», «Springer», «Elsevier», «Scopus», «Polpred», «Wiley» дерекқорларына және басқада электронды ресурстарға қол жетімділік қамтамасыз етілген. Пайдаланушылар үшін қашықтықтан білім алу мақсатында «Aknurpress», «Smart Kitap», «mbook.kz», электронды кітапхананалар сатып алынған.

Кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады және оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді және мерзімді басылымдарды қамтиды.

Кітапхана қорының мазмұнын ашуға анықтамалық-библиографиялық аппарат көмектеседі. Кітапханада көлемімен, мазмұнымен және құрылымымен ерекшеленетін алфавиттік, жүйелі және электронды каталогтар ұйымдастырылып, жүргізіледі.

Кітапхана штаты он бір бірлікті құрайды, барлығының жоғары арнайы кітапханалық білімі бар. Кітапхана қызметкерлері біліктілікті арттыру үшін әртүрлі тақырыптар бойынша өткізілетін конференциялар мен семинарларға қатысады.