Кітапхана құрылымы

0
1095

Бас оқу залы

 Бас оқу залының кітап қоры мазмұны жағынан әмбебап болып табылады. Оқу залында оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми және көркем әдебиеттер, анықтамалық сөздіктер бар.

Оқырман оқу залында әдебиетке тапсырыс берген кезде студенттер билетін ұсынады және қажетті басылымдарды алғаннан кейін әрбір басылымның кітап формулярына қол қояды. Оқу залдарында берілетін кітаптардың, басқа да баспа туындыларының және өзге де материалдардың саны шектелмейді. Оқу залдарынан әдебиеттерді шығаруға тыйым салынады.

Оқу залында атаулы күндерге, ақын-жазушылардың мерейтойына және жаңа түскен кітаптарға тұрақты түрде көрме ұйымдастырады. Кітапханашы студенттермен және оқытушылармен бірлесе отырып көпшілік іс-шараларды өткізеді. Оқырмандардың кітап оқуға қызығушылықтарын туғызатын «Бір ел бір кітап» және «Bookcrossing» акцияларын өткізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бас оқу залы «Шаңырақ»  ғимаратының 1-қабатында орналасқан (139 каб.)

 Жұмыс уақыты: сағат 09.00 – 19.00.

Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма

Әр айдың соңғы күні – тазалық күні.

Кітапханашы маман: Сатенова Қарлығаш Абдималиковна.

Еmail: erkemai2904@mail.ru


Ғылыми оқу залы

Ғылыми оқу залы оқытушы-профессорлар құрамы мен магистранттардың ғылыми зерттеу жұмысына ақпараттық қызмет көрсету мақсатында ашылды.

Ғылыми әдебиеттер қорына: энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар, нормативтік құқықтық актілер, мерзімді басылымдар, ғылыми әдебиеттер, ғылыми еңбектердің хабаршылары мен жинақтары, халықаралық конференциялар, авторефераттар, монографиялар, диссертациялар және ОПҚ-ның оқу-әдістемелік ғылыми еңбектері кіреді.

Ғылыми оқу залы оқырмандарға кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетеді: жаңа түсімдерді тақырыптық кітап көрмелерін ұйымдастырады, оқырмандардың өтінімдері бойынша өзекті тақырыптарға әдебиеттер тізімін, библиографиялық көрсеткіштер дайындайды. Мерзімді басылымдарға жазылуды рәсімдейді.

Кітапханашы оқытушы-профессорлар құрамының, магистранттардың ғылыми жұмыстарына Әмбебап ондық жіктеу индексі (ӘОЖ) және Кітапханалық библиографиялық жіктеу индексі (КБЖ) береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми оқу залы «Шаңырақ»  ғимаратының 1-қабатында орналасқан (135 каб.)

Жұмыс уақыты: сағат 09.00 – 18.00.

Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма

Әр айдың соңғы күні – тазалық күні

Кітапханашы маман: Мамыраева Ботакөз Ергешәлиевна.

Еmail: ansar19.78@mail.ru


Электронды оқу залы

Электронды оқу залы – қолданушылар Интернет желісіне қосылған компьютермен, электронды каталог және әлемдік деректер қорымен жұмыс жасай алады. Сонымен қатар білім беру бағдарламасына арналған әр түрлі салада электронды нұсқасы CD-дисктерде және электронды оқулықтар жинақталған. Кітапханашы маман деректер базасы, электронды каталогты және ақпараттық ресурстарды қолдану бойынша кеңестер береді. Жаңа электронды ресурстармен таныстыру мақсатында презентациялар ұйымдастырып, семинар-тренингтер өткізіп отырады.

Электрондық оқу залында WI-FI қызмет көрсету аймағы бар, Интернет ресурстарына тегін және шектеусіз қол жеткізу жүзеге асырылады. Пайдаланушылар үшін қашықтықтан білім алу мақсатында «Aknurpress» цифрлық кітапханасы және «Smart Kitap» электронды онлайн кітапханасы сатып алынды. Университеттің оқу процесін қамтамасыз ету мақсатында кітаптар сканерлеу арқылы электронды нұсқаға көшіріп, электронды каталогқа енгізеді.

Пайдаланушы электрондық кітапхана мүмкіндіктерін тек оқу процесі мен ғылыми зерттеулер үшін қажетті ақпаратты іздеу және өз бетінше жұмыс істеу үшін пайдалануға құқылы.

ОҚМПУ «Web. ИРБИС64+» электрондық каталог  сілтемесі: http://irbis.okmpu.kz/

«Aknurpress» электрондық кітапханасы Интернет желісінде  сілтемесі: http://aknurpress.kz

«Smart Kitap» электрондық кітапханасы Интернет желісінде  сілтемесі: http://smart-kitap.kz

 

Электронды оқу залы «Шаңырақ»  ғимаратының 1-қабатында орналасқан (134 каб.)

 

Жұмыс уақыты: сағат 09.00 – 19.00

Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма

Әр айдың соңғы күні – тазалық күні

Кітапханашы маман: Керімбаева Элеонора Мәлібекқызы

Еmail: eleonora.0707@mail.ru

Кітапханашы маман: Архабаева Айгүл Абденбаевна

Еmail:   arkhabayeva75@inbox.ru

 


 №1 оқу залы

№1 салалық оқу залы «Филология» және «Өнер және білім» факультеттерінің студенттерін және оқытушы-профессорлар құрамының оқу процесін және ғылыми зерттеулерін оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етеді. Кітапхана қоры арнайы сала бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдармен және ғылыми әдебиеттермен жинақталған.

Оқу залында атаулы күндерге, ақын-жазушылардың мерейтойына және жаңа түскен кітаптарға тұрақты түрде көрме ұйымдастырады. Кітапханашы студенттермен және оқытушылармен бірлесе отырып көпшілік іс-шаралар өткізеді.

№1 оқу залы  «Тұмар»  ғимаратының 1-қабатында орналасқан (116 каб.)

Жұмыс уақыты: сағат 09.00 – 18.00

Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма

Әр айдың соңғы күні – тазалық күні

Кітапханашы маман: Таубаева Ақмарал Түймебаевна.

Еmail: taubayeva1970@mail.ru


№2 оқу залы

Оқу залы жатақханада тұратын студенттерге арналған. Кітапхана қорының көп бөлігі жатақханаларда тұратын студенттердің білім беру бағдарламаласының мамандықтарына сәйкес келетін оқулықтардан, оқу-әдістемелік құралдардан, ғылыми және көркем әдебиеттерден тұрады.

Оқу залында атаулы күндерге және ақын-жазушылардың мерейтойларына тұрақты түрде кітап көрмелері ұйымдастырылып тұрады. Кітапханашы жатақханада тұратын студенттермен бірлесе отырып көпшілік іс-шараларды өткізеді.

№2 оқу залы №2 студенттер үйінің 2-қабатында орналасқан

Жұмыс уақыты: сағат 10.00 – 19.00

Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма

Әр айдың соңғы күні – тазалық күні

Кітапханашы маман: Тұрысбекова Светагуль Жамбуловна

Еmail: sv_t_1972@mail.ru

 


№3 «100 жаңа оқулық» оқу залы

 

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында 2018 жылдың шілде айында Оңтүстік өңірдегі ЖОО арасында алғашқылардың бірі болып «100 жаңа оқулық»оқу залы ашылған.

Бұл жобаның артықшылығы, экономика, философия, әлеуметтану, тарих, педагогика, психология және басқа да гуманитарлық ғылымдар бойынша оқу әдебиетінің әйгілі әлемдік жауһарларының қазақ тіліндегі аудармалары ЖОО студенттері үшін қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша толыққанды білім алу үшін жағдай жасалған, олар озық заманауи стандарттарға сәйкес келеді.

Оқу залында атаулы күндерге және ақын-жазушылардың мерейтойларына тұрақты түрде кітап көрмелері ұйымдастырылып тұрады. Кітапханашы жатақханада тұратын студенттермен бірлесе отырып көпшілік іс-шараларды өткізеді.

 

№3 «100 жаңа оқулық» оқу залы №1 студенттер үйінің 1- қабатында орналасқан

Жұмыс уақыты: сағат 10.00 – 19.00.

Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма

Әр айдың соңғы күні – тазалық күні

Кітапханашы маман: Рагимова Сауле Казыхановна.

Еmail: saulie.raghimova@mail.ru


Абонемент

Абонемент бөлімі – әдебиеттерді уақытша үйге пайдалануға беру жұмыстарын іске асыратын кітапхана құрылымы. Бөлім студенттердің әдебиеттерді мерзімінде қайтаруын қадағалап және кітап берешектерін ескертіп жұмыстарын жүргізіп отырады. Оқырмандар сұранысын жылдам орындауды қамтамасыз етеді. Қажет болған кезде басылымдарды пайдалану мерзімін кітапханаға келіп ұзартуға болады. Кітапхананың басқа құрылымдық бөлімдерімен тығыз байланыста бірлесіп кітапханада болатын іс-шараларды кітап қорымен қамтамасыз етеді.

Абонементтің кітап қоры мазмұны бойынша әмбебап. Абонементте оқырмандар үйге білімнің барлық салалары бойынша оқу әдебиетін ала алады.

Кітаптың соңғы және жалғыз данасы үйге берілмейді.

Абонемент кітапханашысы оқырман формулярын және оқырманның тіркеу карточкасын толтырады.

Кітапханаға жазылу үшін студенттер билетін немесе ағымдағы жылдың мөртабаны қойылған сынақ кітапшасын, оқытушылар мен қызметкерлер жеке куәлігін және 3х4 көлеміндегі 1 фотосуретті көрсетуі қажет.

Абонемент «Шаңырақ»  ғимаратының 1-қабатында орналасқан (138 каб.)

Жұмыс уақыты: сағат 09.00 – 18.00

Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма

Әр айдың соңғы күні – тазалық күні

Кітапханашы маман: Оспанова Тажихан Абибуллаевна.

Еmail: tazhikhano@inbox.ru


Құжаттарды жинақтау, өңдеу, каталогтар ұйымдастыру бөлімі

Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі кітапхананың кітап қорын оқу, оқу құралдарымен және ғылыми әдебиттермен қамтамасыз етеді. Кітап қорының толықтырылуы оқу жоспарларына сай факультеттер мен кафедралардың сұранысына сәйкес жасалады.

Кітапханашы кітапхана қорын толықтыруда келесі жұмыстарды жүргізеді: өңдеу; инвентарлық кітапқа тіркейді, кітаптарға мөр басады, формуляр шығарады, қалташалар жапсырады, оқу залдарына бөледі; алфавиттік және жүйелі каталогтарға карточкаларды енгізеді; тіркеуден өткен кітаптарды «КАБИС» бағдарламасына енгізеді; қор есебінен шығарылған кітаптардың шығыс актілерімен жұмыс жүргізеді; жаңа кітаптардың бюллютендерін құрастырады.

 

Құжаттарды жинақтау, өңдеу, каталогтар ұйымдастыру бөлімі
«Шаңырақ»  ғимаратының 1- қабатында орналасқан (127 каб.)
Жұмыс уақыты: сағат 09.00 – 18.00

Жұмыс күндері: Дүйсенбі-жұма

Әр айдың соңғы күні – тазалық күні

Кітапханашы маман: Хамзина Бақтыгүль Бастековна

Еmail:  baktygulh73@mail.ru