«Кітапханалық-ақпараттық үрдістер – ғылыми зерттеу негіздері мен академиялық жазылымда» атты семинар өтті.

0
98

19.03.2024 ж. күні сағат 11.00-де Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ғылыми кітапханасының бас оқу залында «Өнер және білім» факультеті студенттерімен «Кітапханалық-ақпараттық үрдістер – ғылыми зерттеу негіздері мен академиялық жазылымда» атты семинар өтті.
Семинарда п.ғ.д., профессор Сыдықова Роза Шаймарданқызы «Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылымның ерекшеліктері мен маңызы» тақырыбында баяндама жасап кітапхана басшысының орынбасары Тукенова Роза Сәтқызы «Медиа-ақпараттық сауаттылық негіздері» тақырыбы бойынша презентация-шолу жасады. Факультет деканы п.ғ.к., доцент м.а. Байбатшаева Айдайкыз Еркинбекқызы студенттер арасындағы ғылыми ізденіс жұмыстары, ғылыми жобалар туралы мағлұмат беріп білімгерлерді ынталандырып жігерлендірді.
Білімгерлер сұрақтарын қойып, тақырыпты кеңінен түсінуге қызығушылықтарын танытты.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here