Қазақстандағы цифрлық білім

0
102

Ө.Жәнібеков атындағы 125 аудиториясында кітапхананың ұйымдастыруымен «Эпиграф» баспасының мамандары «Қазақстандағы цифрлық білім» тақырыбында 21.09.2023 ж. күні сағат 11.00 және 15.00-де семинар өткізді. Семинарға оқытушы-профессорлар құрамы, кафедра референттері және кітапханашылар қатысты. «Эпиграф» баспасының маманы Серікқанов Жандос қатысушыларды «Эпиграф» баспасынан сатып алынған білімді автоматтандырылған бақылауымен мультимедиялық оқулықтарды қалай пайдалану керектігін үйретті. Семинарға қатысушалар маманға сұрақтар беріп, оқулықтың білім алушыларға пайдасы мол екендігін атап өтті. Семинарға қатысушыларға сертификат беріледі.
«Эпиграф» баспасы – мультимедиялық электронды оқулықты әзірлеуші отандық алғашқы баспалардың бірі. Қазақстан бойынша білімді автоматты түрде басқаратын электронды оқулықтарды жылдам әзірлеу және іздеуде 7 жылдық тәжірибесі бар.
Бұл зияткерлік өнім ҚР БҒМ қажетті электронды оқулыққа қойылатын барлық талаптарына сәйкес келеді. «Эпиграф» баспасы әзірлеген технология жақын арада Қазақстан Республикасы Білім министрлігі көлемінде пайдалануды көздейді.
«Эпиграф» баспасының деректер базасында ұсынылған барлық оқулықтар мен оқу құралдары республика көлемінде және жетекші отандық баспалардан жарық көрген.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here