Кітап оқитын университет

0
14

Мемлекет басшысының «Зерделі ұлт» қалыптастыру жөніндегі бастамаларын жүзеге асыру мақсатында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Кітап оқитын университет» жобасы басталды.

Осы жоба аясында студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу, жастардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында «Үш кітап – үш әлем» атты әдеби-танымдық сайыс ұйымдастырылады.

Сайысқа қазақ әдебиетінің үш көрнекті шығармасы ұсынылады:

📖 Сайын Мұратбеков – «Жусан иісі»
📖 Дулат Исабеков – «Гауһартас»
📖 Төлен Әбдік – «Оң қол»

Үш шығарма – үш түрлі тағдыр, үш түрлі рухани әлем. Қатысушылар шығармаларды оқып, кейіпкерлер әлеміне үңіліп, туындылардың негізгі идеясын талдап, арнайы әзірленген интеллектуалдық тапсырмалар бойынша білімдерін сынайды.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here