«Үш кітап – үш әлем» атты әдеби-интеллектуалдық сайыс өтті.

0
3

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Кітап оқитын университет» жобасы аясында «Үш кітап – үш әлем» атты әдеби-интеллектуалдық сайыс өтті.

Іс-шара Әбсаттар Дербісәлі атындағы ғылыми кітапхана мен География кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілді.

📚 Сайысқа Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі», Дулат Исабековтің «Гауһартас», Төлен Әбдіктің «Оң қол» шығармалары арқау болды.

✨ Қатысушылар әдеби білімдерін сарапқа салып, шығармалар әлеміне терең бойлады. Ұшқыр ойы мен тапқырлығын танытып, зияткерлік қабілеттерін көрсетті.

🏆 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге академик Оразалы Сәбденнің «Абай және қазақ елінің болашағы» атты кітабы мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

🌟 Тағылымды шара жастардың кітапқа құштарлығын арттырып, рухани танымы мен ой-өрісін кеңейтуге серпін берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here