«Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы

0
282

04 мамыр күні ОҚМПУ кітапханасында
2023 жылы «Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы аясында оқылатын танымал жазушы, белсенді қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған оқырмандар конференциясы болды.
Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен Республикалық деңгейдегі дәстүрлі акция биыл оқырмандар арасында он жетінші мәрте ұйымдастырылуда.
Ізденісі мол шебер қазақ жазушысы, драматург, еліміздің егемендігін бекітіп, тілін, дінін, мәдениетін өркендетуге үлкен үлес қосып жүрген қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуды насихаттауға арналған іс-шарада Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің басшысы, т.ғ.к., доцент Қ.С.Анарбаев іс-шараны ашып, кітапхана басшысы Х.Қ.Шамбулова оқырмандарға алғыс ізетін білдірді.
Филология факультеті 3-курс 1701-20 тобының студенттері қаламгердің «Құдайы қонақ» әңгімесінен үзінді сахналап, шығармаға әдеби талдау жасады. Оқырмандар сегіз қырлы қаламгердің өлеңдерін жатқа оқып, күйін орындады.
Өнер, физика-математика факультетінің білімгерлері белсенділік танытты.
Кітапхана басшысының орынбасары – Р.С.Тукенова «2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында Төлен Әбдіктің шығармалары» атты қаламгердің өмірі мен творчествосына арналған виртуальді және дәстүрлі көрмеге библиографиялық шолу жасады.