БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ

0
196

«Алтын ғасыр» оқу орталығы туркиялық «TURANED EGITIM AKADEMISI» академиясымен бірлесе отырып кітапханашыларға арналған біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырады. Курс «Заманауи кітапхана менеджменті» тақырыбы аясында 14-20 желтоқсан күндері Стамбул қаласындағы «Haliç University» өтті.
Халич университетінің тарихы. Халич университеті Түркиядағы ең үздік оқу орындарының бірі болып саналады. Университет Түркияның Стамбул қаласында орналасқан. Халич университеті -1998 жылы балалар лейкозы қоры құрған. Халич университеті 10 корпустан тұрады. Халич университеті бес факультетте 21 академиялық бөлім ұсынады, оның ішінде жоғары үш мектебі және консерватория бар. Оқу түрік және ағылшын тілінде жүргізіледі.
Халич университетінің кітапханасы төрт қабаттан тұрады. Кітапхананың кіреберісінде ұрлыққа қарсы RFID қақпасы орнатылған. Кітапхана қорлары ашық қолжетімді. Кітапхана заманауи үлгіде салынған, оқырмандарға ыңғайлы әрі жайлы. Жалпы оқу залдарында оқырмандар отыратын 900 орын бар. Университет кітапханасында маркер тақталары, сканерлер, проекторлар, теледидарлар, ноутбуктар, веб-камералар және т.б. жабдықталған. Кітапхана қорында 860 000 дана кітап, электрондық қоры 2000000 бірлікті құрайды. Оқырмандар саны 7800 құрайды, яғни студент болған сәттен бастап кітапханаға автоматты түрде тіркеледі. Кітапханада жалпы 21 кітапханашы оқырмандарға қызмет көрсетеді. Кітапханашылардың жалақысы оқытушылармен бірдей. Кітапхананың пайдаланушылары 42 әлемдік электрондық ресурстарды пайдаланады: Sciencedirect, Scopus, Link.springer, Ovid, Wiley, Сlinicalkey, Search, Ebscohost, ЕBSCO және т.б.
Кітапхананың жұмыс уақыты 09:00-ден 21:00-ге дейін, ал тәулік бойы қызмет көрсететін оқу залы 24 сағат жұмыс жасайды.
Біліктілігімді арттыру мақсатым: халықаралық деңгейдегі университет кітапханаларында қолданылып жатқан жаңа ақпараттық технологияларын, электрондық ресурстарын, пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жаңа формаларын көріп, кітапхана қызметінде пайдалану және кітапхананың жаңа келбетін қалыптастыруда өз үлесімді қосу.

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here