Әбсаттар Дербісәлі атындағы ғылыми кітапхананың ашылу салтанаты болып өтті

0
41

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің кітапханасына биыл күрделі жөндеу жасалып, көрнекті шығыстанушы ғалым Әбсаттар Дербісәлінің аты берілді. Жаңарған кітапхананың лентасын Мемлекет және қоғам қайраткері, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Директорлар кеңесінің төрағасы Оразалы Сәбден, университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін атқарушы Гүлжан Сүгірбаева, Әбсаттар Дербісәлінің жұбайы Рафия Бәкірқызы қиды.
Ашылу салтанатына арналған іс-шарада көрнекті ғалым Әбсаттар Бағысбайұлының қызметі жайлы баяндалған бейнефильм тамашаланып, жұбайы Дербисалиева Рафия, шәкірті, философия ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай, Шымкент қаласының наиб имамы Мұхамеджан Естеміров, ғалым ұстаздары мен ардагерлер атынан Ректор кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек ғалым жайлы естеліктер баяндады.
Кітапханаға ғалымның жанұясы атынан Әбсаттар Дербісәлінің кітаптары табысталды.