ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ!

0
91

Алматы қаласында «ДалаДизайн» баспасынан 2021 жылы басылып шыққан Арысбек Тәжіұлының «Тау тұлға Өзбекәлі Жәнібеков» атты кітабы университет кітапханасына келіп түсті.
Арысбек Тәжіұлы «Тау тұлға Өзбекәлі Жәнібеков». Кітап-альбом.- Алматы: ДалаДизайн, 2021.- 400 бет.
Кітапта автордың өз толғаныстары мен замандастарының естеліктерінен құралған бұл кітап Ғани Мұратбаевтан кейін жастарға жетекші көсем бола білген, әлденеше буын ұрпаққа жаңа бағытта тәрбиеленген рух сардары –Өзбекәлі Жәнібеков жайында. Кітапта Ө.Жәнібековтің отаншыл азамат, қайраткер, этнолог-ғалым ретіндегі тұлғасы сараланады.
Кітаптың авторы Журналистер одағының мүшесі, Отырар ауданының Құрметті азаматы, Өзбекәлінің шәкірті Арысбек Тәжіұлы 1941 жылы 12 маусымда туылған Төлеби ауданында «Екпінді» елді мекенінде дүниеге келген. 1963 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Еңбек жолын Түркістан ауданындағы мектеп-интерантында мұғалім болып бастады. Қызылқұм аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, партия және шаруашылық қызметтерді абыроймен атқарды. 2001-2006 жж. «Отан» партиясы ОҚО филиалының атқарушы директоры қызметі атқарды. Журналистер одағының мүшесі, Отырар ауданының Құрметті азаматы. Автор 2015 жылы «Аңыз адам», 2021 жылы «Тау тұлға Өзбекәлі Жәнібеков» кітаптары жарық көрді.

            

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here