«Халық суретшісі – Әбілхан Қастеев» атты дөңгелек үстелі өтті

0
73

14.03.2024 ж. күні сағат 11.00-да Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дің «Тұмар» ғимаратында ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай «Халық суретшісі – Әбілхан Қастеев» атты дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараға «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасынан п.ғ.д., профессор Д.Кемешев, аға оқытушы Б.Шуланбеков, п.ғ.к., аға оқытушы А.Ұзақова және «Өнер және білім» факультетінің 3-курс 14-04-11 тобының студенттері қатысты. Іс-шараны Д.Кемешев ашып, суретші Әбілхан Қастеевтің қыл қаламынан туған шығармаларымен таныстырса, Б.Шуланбеков қорытындылап, халық суретшісі өзінен кейін ұрпақтарына өте құнды мол мұра қалдырғанын атап өтті. Студенттер суретшінің өмірбаяны мен шығармашылығына баяндама жасады. Кітапханашы А.Таубаева «Халық суретшісі» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Іс шара соңында қатысушылар көрмеге қойылған Д.Кемешевтың салған сегіз туындысын тамашалады.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here