Ө. Жәнібековтің өмірі

0
696

ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ

Өзбекәлі Жәнібеков (28.08.1931 – 22.02.1998) – мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты. Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары, мәдениет министрі, Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы болып қызмет атқарған.

ҚЫЗМЕТ ЖОЛЫ

  • Шымкент (қазіргі Түркістан) облысының Келес ауданында мектеп мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі (1952 – 1955);
  • Келес ауданы комсомол комитетінің 1-хатшысы (1955 – 1956);
  • Шымкент облысының комсомол комитетінің хатшысы (1956  1961);
  • Қазақстан ЛКЖО ОК-нің 1-хатшысы, хатшысы (1961  1970);
  • Қазақстан компартиясы Торғай облысы комитетінің хатшысы (1970  1975);
  • Қазақстан компартиясы ОК-нің шет елдермен байланыс бөлімінің меңгерушісі (1975  1977);
  • Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары (1977  1988); мәдениет министрі (1987  1988);
  • Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы (1988 – 1991) қызметтерін атқарды.

 

ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТІ

  • Жәнібеков қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосты. 20 ғасырдың 70-жылдарының өзінде-ақ Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қалпына келтірілуіне ұйытқы болды.
  • Жәнібековтің бастамасымен Қазақстанның көптеген қалаларында этнографиялық мұражайлар ашылды.
  • Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру мақсатын көздеген “Арқас” қоғамы құрылды.
  • Жәнібеков “Шертер”, Адырна”, “Алтынай”, т.б. фольклорлық өнер ансамбльдерін ұйымдастырды.
  • “Наурыз” мейрамының, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы есімдерінің халқына қайта оралуына белсене ат салысты.
  • Ана тілін дамыту бағдарламасының мемлекеттік тұжырымдамасын жасауға қатысты.

Еңбектері

  • Жәнібеков Ө.  Уақыт керуені. – Алматы: Жазушы, 1992.  –192 бет.

«Уақыт керуені» Өзбекәлі Жәнібековтің мұнан бұрын орыс тілінде шыққан «Эхо…» атты кітабының көпшілік тілегін ескере отыра, толықтырылып қазақ тілінде қайта жазылған түрі. Кітап автордың қазақ тарихы мен жасампаздығына байланысты өзі зерттеген мәселелер бойынша тарихшы-этнографтардың, өнер мен әдебиеттанушы ғалымдардың қаперінен тыс қалып келе жатқан жайттарға баса назар аудара білгендігімен де құнды. Басылымнан оқырман қауым, ғылыми жұртшылық, әдебиетшілер мен өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен студенттер, оқушы жастар көңілге ой салатын тұжырымды пікір, нақтылы деректер, қызғылықты мәлімет таба алады.

Өзбекәлі Жәнібеков Уақыт керуені                  Жүктеу


 

  • Жәнібеков Ө.  Жолайрықта. – Алматы: «Рауан» 1995. –110 бет.

«Жолайрықта»  – автордың қазақ қоғамының айналадағы ортаны әлеуметтік және эстетикалық тұрғыдан игерген іс-тәжірибесімен тікелей байланысты халық сәулеткерлігіне арналған туындысы. Кітап қазаққа қатысты этнографиялық, әдебиетте алғаш рет жылжымалы баспана мен тұрақты мекенжай үлгілерін ғылыми жағынан жіктестіргенімен ғана емес, оларды мемлекеттік есепке алу, қалпына келтіру, қорғау, өнегелі тұстарын қазіргі тұрмысқа пайдалану арқылы халқымыздың өткен өміріне, тұрмыс-салтына, наным-танымына, талғамына, өндіргіш күштеріне, құрылыс мәдениетіне ілтипатпен қарауға ынталандыратынымен де құнды.

Өзбекәлі Жәнібеков Жолайырықта              Жүктеу


  • Жәнібеков Ө.  Тағдыр тағылымы. – Алматы: « Рауан» 1997–136 бет.

«Тағдыр тағылымының» екінші кітабы өмірбаяндық хикая ғана емес. Қоғамның белсенді мүшелерінің бірі ретінде автор өзінің бастан кешкен, көріп-білген жәйттерімен қоса, айналадағы әлеуметтік ортаға, ел тағдырына қатысты, тарихпен, мұратанумен, елтанумен, сайып келгеиде, қазақтанумен ұштасып жататын қазіргі заманғы көкейкесті мәселелерге де тоқтала кеткенді жөн көрген. Шығармашыл қауым, қалың көпшілік, ел тағдыры толғантатын әрбір зиялы азамат, мұғалімдер мен студент жастар басылымынан соны пікір, тұжырымды ой таба алады.

Өзбекәлі Жәнібеков Тағдыр тағылымы             Жүктеу


  • Жәнібеков Ө.  Тағдыр тағылымы. –  Алматы: «Рауан» 1996-192 бет.

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф, өнер зерттеуші ғалым Өзбекәлі Жәнібековті елімізде білмейтіндер кемде-кем. Ол  –  ұрпақ тәрбиесін жақсартуға, ұлттық мәдениетті дамыту ісіне, халқымыздың, дәстүрлі өнерін дүн-дүниеге танытуға өзіндік үлесін қосқан адам. Республика жастарын игі істерге бастаған ұзақ жылдар, партия, кеңес қызметінде жүріп бастан кешкендер, тарихи және мәдени ескерткіштерді мемлекетгік есепке алу, қорғау, қайта ұқсату және пайдаланудағы бесенелі бейнет, сол сияқты әділет пен келешек қамы үшін күрескен кешегі дүрбелең дәуір автор қаламынан шыққан ізгі шежіредей, бір сөзін аттап кете алмайсыз. Кітаптың бағамды бай тілі, тартымды өткір желісі, алуан өткелдер, тағдыр тағылымы сізді алысқа жетелей береді, жетелей береді. Жоғары мақсат-мүдделердің даңғылымен құшақ жайып қауышасыз.

Өзбекәлі Жәнібеков Тағдыр тағлымы. 1                   Жүктеу

  • Жәнібеков Ө .  Таңдамалы шығармалар жинағы. –  Алматы: ҚАЗ – ақпарат, 2011.1–кітап – 320 бет.

Қазақ ұлтының біртуар перзенті Өзбекәлі Жәнібековтың қолдарыңыздағы бірінші кітабына ел мен жер тарихы мен ұлт тағдыры, салт-дәстүрлерге қатысты мақалалары, зерттеу еңбектері топтастырылған.

Өзбекәлі Жәнібеков. Таңдамалы шығармалар жинағы 1-кітап    Жүктеу


  • Жәнібеков Ө.  Таңдамалы шығармалар жинағы . – Алматы: ҚАЗ-ақпарат, 2011. 2 – кітап – 320 бет.

Қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтың бұл кітабына естеліктері, әр жылда жазған тартымды дүниеліктері топтастырылған. Ардақты ағаның тағылымды өмір жолы жас ұрпаққа үлгі-өнеге.

Өзбекәлі Жәнібеков. Таңдамалы шығармалар жинағы 2-кітап    Жүктеу


Джанибеков У. Д. Эхо… По следам легенды о золотой домбре.Ред. С. Муктарулы, С. Сакун – Алма Ата: Өнер, 1991.- 304 с.,

Книга У. Джанибекова знакомит с историей и этнографией казахского народа. В начальных разделах прослеживается эволюция и преемственность историко-этнических и культурных процессов на территории Казахстана, характеризуется общественный строй и быт казахов их обычаи и обряды. Привлекают внимание материалы об оседлых земледельческих хозяйствах казахов в дореволюционную пору, о народных промыслах: раздумья автора о судьбе и путях дальнейшего развития народного костюма, традиционного жилищного зодчества. Раздел, посвященный музыкальному, танцевальному и фольклорному искусству, представляет интерес и потому, что автор сам принимал непосредственное участие в воссоздании музыкальных инструментов, забытых песен и танцев, организации фольклорно-этнографических ансамблей.

Автор ищет и находит интересные, выпавшие из поля зрения историков и этнографов детали и штрихи, фактические материалы, легенды и былины, которые дополняют историю народа, создают его образ.

Каждый раздел книги снабжен обширным иллюстративным материалом. Многие фотографии публикуются впервые.

Эхо…    По следам легенды о золотой домбре.                     Жүктеу


Культура казахского ремесла.-Алма-Ата: Өнер, 1982.-144 с.

Кітапта тарих пен этнографиямен тығыз байланысты саналатын қазақ қолөнерінің негізгі дәстүрлі түрлерімен таныстырады. Ол Қазақстанның оңтүстігіндегі стационарлық тұрғын үйді, ұстахананы, сондай-ақ ұлттық киімдерді қайта жаңғыртуды қамтамасыз етеді, республиканың мұражай қорларынан және жеке коллекциялардан 18-20 ғасырлардағы халық шеберлерінің туындыларын басып шығарады.

 Культура казахского ремесла        Жүктеу

 


Адырбек. Б. Өзбекәлі Жәнібек. – Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі», 2021. – 384 бет. 

Ғұмырнамалық кітаптың кейіпкері – қытымыр коммунистік қоғамда жарық дуниеге келiп, жетiмдiк тақсiретiн тарта жүріп ер жетіп, өршелене өсiп, ұлтына қызмет етуден бiр танбай өткен өршіл мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібек. Заманынан оза туған ұлттық болмысты азаматтың қайраткерлiк қалыптасу жолы һәм қазақтың музей iсi, ұлттық киiм үлгiлерi, ұлттык өнері (ән, би, сәулет) хақында терең тебiренiстi этнолог ғалым болып қалай қалыптасқаны жайында туындыгер дәйектi әңгiме сабақтайды. Қайраткерлігін халқына арнаған тұлғалы азаматтың өнегелi өмiр жолы деректі ғұмырнамалық баян түрінде өрiледi. Дерегi мол, кiтаптың тілі көркем.

Б.Адырбек    Өзбекәлі Жәнібеков                       Жүктеу


Ергөбек Құлбек «ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ» Алматы қ., «Алтын Кітап баспасы» ЖШС, 2021 ж. – 376 бет  

Ұлтымыздың ұйытқысы (Соңғы сөзін жазып, жинап, саралап құрастырған жазушы, профессор Құлбек ЕРГӨБЕК) Замандастарының, кейінгітолқын інілері мен шәкірттерінің естеліктерінен, естеме өлеңдерінен бас құраған бұл кітап жастарды жетекші көсем бола жүріп көркем тәрбиелеген, қазақ идеологиясында реформаторлықтан танбаған мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ үлтының ұйытқысы бола жүріп әлденеше буын руханият сарбаздарын жаңа бағытта қалыптап, қанаттандырған рух сардары – Өзбекәлі Жәнібек жайында. Естелік- рухани ескерткіш. Естеліктер жинағында қайраткерлігін халқына арнап, бар ақыл-парасатын жұртының өркениет жолына жұмсап, өмірде ақ жүріп өткен Ө.Жәнібек (1931-1997) аты аңызға айналған қайраткер, тамаша этнолог ғалым, қоғамшыл, отаншыл ойшыл азамат, досқа адал таза рухты жан райында тұлғаланады.

Ергөбек Құлбек. Ұлтымыздың ұйытқысы. Өзбекәлі Жәнібеков туралы     Жүктеу


А. Тәжіұлы  «Тау тұлға». Кітап-альбом.– Алматы: «Дала Дизайн», 2021. -400 бет.

Автордың өз толғаныстары мен замандастарының естеліктерінен құралған бұл кітап Ғани Мұратбаевтан кейін жастарға жетекші көсем бола білген, әлденеше буын ұрпақты жаңа бағытта тәрбиелеген рух сардары – Өзбекәлі Жәнібек жайында. Кітапта Ө. Жәнібектің отаншыл азамат, қайраткер, этнолог-ғалым ретіндегі тұлғасы сараланады